Астана қаласы әкімдігінің «№10 «Бөбек» балабақшасы» МКҚК ТӨЛҚҰЖАТЫ
Нәзипа Құлжанова:
«Бала табиғатының сүйетіні – жүру, жүгіру, ойнау. Баланың ойыны да – ойын, жұмысы да – ойын. Бәрін ойын үстінде, ойын үшін істейді.»
Балабақша бағыты
Балаларға «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында үздіксіз тәрбие беру.
Балабақшаның мақсаты
Балалардың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіре отырып, еңбекқор, адал, саналы, жасампаз, дені сау бала тәрбиелеу.
Балабақшаның міндеттері
- Физикалық дені сау баланы тәрбиелеу, өз денсаулығына саналы түрде қарауды, салауатты өмір салты негіздерін және қауіпсіз өмір сүру дағдыларын қалыптастыру;
- Балалардың жеке ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, ауызекі сөйлеуді, сөздік қорды қалыптастыру және коммуникативтік дағдыларды дамыту;
- Тәрбиеленушілердің қоршаған әлеммен өзара қарым-қатынас жасауына қажетті танымдық және зерттеушілік әрекеттің қарапайым дағдыларын, танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту;
- Қоршаған әлемді тану, өзіндік шығармашылық іс-әрекеті үшін жағдай жасай отырып, тәрбиеленушілердің шығармашылық және ғылыми-зерттеу дағдыларын дамыту;
- Әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастыру, оның ішінде ерекше балаларды оң әлеуметтендіру, оларды әлеуметтік-мәдени нормаларға, қоғам және мемлекет, отбасы дәстүрлеріне тарту, рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже
Балабақшаның түлегі:
- Физикалық дамыған;
- Ізденімпаз;
- Бастамашыл;
- Табанды;
- Бейімделуге қабілетті;
- Көпшіл;
- Өзіне сенімді;
- Командада жұмыс істей біледі;
- Эмоционалды жауапты;
- Өзі, отбасы, қоғам (жақын қоғам), мемлекет (ел), әлем және табиғат туралы алғашқы түсініктерге ие.